Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club55204374
Описание
«Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясы
Мақсаты:
«Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясының мақсаты - қалыптасқан дәстүрлі өнер жолын өскелең ұрпақ бойына сіңіру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды... Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», деп болатын. Ұлттық кодты жас ұрпақтың бойынан ояту, оны сіңіру жолында қызмет ететін бірден бір құрал – ұлт аспаптары, ұлттық өнер мектептері. Соның ішінде, Маңғыстау ән-жыр, күй-терме мектебі жас ұрпақтың санасында тарихи тамырына деген құрметті оятып қана қоймай, адамгершілікке баулитыны сөзсіз. Осы межелі мақсатты міндет ете отырып, «Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясы білікті мамандардың басын қоспақ. Өз ісінің шеберлері үшін «Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясында жас өнерпаздарды алғашқы добмыра ұстатудан сахна төріне дейін жеткізу негізгі талап болмақ.
«Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясының бөлімдері.
Домбыра:
Домбыра – жыр, ән, күй, терме бөлімдері.
Қобыз:
Оркестрде өнер көрсету, жеке күйлер орындау, домбыра және өзге де аспаптармен бірлесіп композицияларды орындау. Шетелдік танымал әндер мен фильм саунд-тректерін жаңа заманға өңдеп, нотаға түсіру.
Жетіген:
Жетіген қазақтың көне аспаптарының бірі болғанымен бүгінгі күні қлкен сұранысқа ие болып отыр. Осыған байланысты «Жетісаз» өнер студиясы Жетігенмен ән салуға ерекше мән бермек. Жетігенді эстрадалық композициялармен біріктіру, дәстүрлі ән-термелерді жаңа заманға өңдеп орындату міндеті тұр.
Сондай-ақ, өнер студиясында Баян және Гитара аспаптарын үйретіп ән орындау шеберлігіне дейін жеткізу талабы қойылып отыр.
Қосымша, балаларға арналған вокалды дәрістер, хор сабақтары ұйымдастырмақ.
Аталған мамандықтар бойынша 7 жастан 40 жасқа дейінгі өнерпаздар қабылданады.
«Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясы республикалық және облыстық: «Ақ көгершін», «Бозторғай», «Күншуақ», «Каспий жұлдызы» сынды байқаулардар өз тәрбиеленушілерінің үздіктер қатарынан көрінуіне аянбай еңбек ететін болады.
«Жетісаз» дәстүрлі өнер студиясы мерекелік даталарды талантты өнерпаздардың қатысуымен есепті концертін беретін болады.
Байланыс телефондары:
+7702 3767516
+7747 1476965
+7702 6768700