•АТАМЕКЕН ПАТРИОТТАРЫ• ұйымы |ҚазҰУ (КазГУ)

  • Подписчики: 644 подписчиков
  • ID: 49230488
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
atameken_patriottary

Описание

Бұл ұйымның мақсаты: Еліміздің рухани байлығын бойына сіңіре отырып, өскелең ұрпақты білімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бабаларымыздың аманатын келешек ұрпаққа айшықты түрде жеткізу және де еліміздің ертеңі болатын азаматтардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.Еліміздің ертеңіне алаңдайтын жастарды ерікті түрде біріктіру; Ең алдымен Отанымыздың өркендеп, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына кіруіне елеулі үлес қоса алатын, адал қызмет ететін азаматтар қалыптастыру; Мұрнын тескен тайлақтай евроцентризмнің соңынан еріп жүрген жастарымыздың бойындағы ұлттық рухын, сана-сезімін ояту; Жастарымыздың бойында ұлттық тіліміз бен ұлттық сананы қалыптастыру; Студенттердің бір ғана салада емес, сонымен қатар ой-өрісін, рухани байлығын жан-жақты дамыту. ‘’Әр ұрпақ  өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпеген де болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар тұр” Әлихан Бөкейхановтың: дегенін, бүгін біздер көрегендік демей не дейміз . Eліміздің болашағы жас ұрпақтың бойында тарихын зерттеп білу арқылы ұлттық сана-сезімін қалыптастыру қажет. Әрі зерттеп, насихаттай отыра жастардың сөйлеу мәдениеті, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу , өз ойын ортаға салу дағдылары дамиды – бұл жаңа формациялы жастар талабы болып отыр.